"ШЕТ ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ" уақытша қызметіне БОС ОРЫН ЖАРИЯЛАНАДЫ! «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жиенбет негізгі мектебі» КММ УАҚЫТША БОС ОРЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ: 1. Лауазым: шет тілі пәні мұғалімі 2.Жүктемесі: 19 сағат 3. Лауазымдық жалақысы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» № 191 бұйрығына сәйкес есептеледі 4. Өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жиенбет негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5. Мекеменің мекен-жайы: Жиенбет ауылы, Тлеуғабыл көшесі 11, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Жиенбет негізгі мектебі» КММ. Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша арнаулы орта немесе жоғары білімінің болуы. Қажетті құжаттар тізбесі: 1) өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат; 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы; 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама 7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
Құжаттарды қабылдау мерзімі 21.08.2025-27.08.2025жж. аралығы Байланыс телефоны: 8 (72643) 5-10-56 Электрондық пошта: Jienbet@yandex.kz